Шығыс Қазақстанда тау-кен байыту кешенінде өрт шықты

1921
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-17-at-20.01.25.jpeg
Тау-кен байыту кешені аумағында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Алтай қаласының тау-кен байыту кешені аумағындағы цехта болған өрт қазір толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға болған жерде концентраттарды қоюландыру және сүзу учаскесінде орналасқан екі қабатты жеке цехтың шатыры өртенгенін хабарлады. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 35 адамы мен 7 бірлік авариялық-құтқару техникасы мен кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
评论
其他材料