Қарағанды облысында Наурыз мерекесі ауқымды, жарқын, тату және көңілді аталып өтілуде.
Барлық қалалар мен аудандарда концерттермен, ұлттық салт-дәстүрлермен, спорттық жарыстармен бұқаралық шаралар өтіп жатыр.
Көктемгі күн мен түннің теңелуімен бірге келген шуақты, жылы ауа-райы да халықты қуантты.
Көбісі отбасымен келді.
Дәстүрлі кейіпкерлердің қатысуымен Жер-Ана мен Қыдыр-Ата көктемнің келуін көрсетті.
Мерекелік алаңда кез-келген талғамға арналған ойын-сауық, әркім өз қалауы бойынша қызықты шараларға қатыса алады.
Киіз үйлерде шеберлік сабақтарына қатысуға, халық тарихына енуге, ұлттық тағамдармен танысуға болады.