Мәскеудегі концерт залында атыс болды

3857
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/photo-output-15.jpeg

Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша кем дегенде камуфляж киген 3 адам оқ жаудырған. Жарақат алғандар бар.

Сондай-ақ ресейлік БАҚ ғимаратта өрт басталғанын мәлімдеді.

Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі 30-дан астам аймақтық және 20 мәскеулік жедел жәрдем бригадасы Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратына жіберілгенін айтты.

https://youtu.be/NI12MM0prWU?si=Q2M3gNGoDJCSkdt9
评论
其他材料