"Алқабилер алқасы 12 адам". Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді

1870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/db104108-5c23-4787-94ed-6d7e69efe7ae-960x500.jpeg?token=465eec85ddcdad6156c7dba7d266fba4
27 наурыз күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Алқабилер алқасы 12 адамнан құрылады (10 негізгі және 2 қосалқы). Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында жүргізіледі", - деп хабарлады сотта.
Айта кетейік, наурыздың басында экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталған.
评论
其他材料