Түркия Тәжікстанмен визасыз режимді жойды

2162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/erdoғan-960x500.jpg?token=d08bb70d748b6f1b9521db15149a4c0f
Түркия Тәжікстанмен визасыз режимнің күшін жойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 5 сәуір күні Түркия президенті Режеп Ердоған екі ел арасындағы жарлыққа қол қойды. Мұндай шара шетел және халықаралық қорғау туралы заң негізінде қабылданған. Тәжікстан билігі ресми түрде ақпаратқа түсініктеме бермеді. Алайда Азаттықтың Тәжік қызметі:
"Түркия шынымен виза енгізеді, алайда оның шарттары, мерзімі мен өзге де жай-жапсары белгісіз", - екенін жазды.
Түркияның Тәжікстанмен визасыз режимді алып тастауының себебі әлі белгісіз. Бірақ ресейлік БАҚ мұны Крокустағы қырғынмен байланыстыруда. Еске сала кетейік, 22 наурызда болған қырғын апатты ұйымдастырушы ретінде Тәжікстанның төрт азаматы ұсталған болатын.
评论
其他材料