Бишімбаевтың баланы қағып өлтіргені рас па? ІІМ жауап берді

1786
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2920.jpeg

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың анасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы қағып өлтірді деген сөзіне қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде жәбірленушінің анасы айыпталушыны бұған дейін де қылмыс жасады деп мәлімдеген болатын.

"Өткенің туралы айтқың келмей ме? Баланы қалай қағып өлтіргенің туралы", - деді ол сотта.

Министрлік бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз»,—делінген ІІМ жауабында.

评论
其他材料