Құжатсыз малға 3 адам куәлік қылмақ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу қағидаларында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері бар екеніне (құлақ белгісі, тавро, микрочип);
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ болса, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне;
- өлексесі табылмаған малдың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне.
«Өлген малдың иесінің ауызша айтуы бойынша тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісін жасау және кәдеге жарату аяқталғаннан кейін акт жасау қажет. Комиссия, шаруашылық санатына қарамастан құс басы бойынша залалды өтеуді тиісті кәдеге жарату актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады», - делінген құжатта.
Демек, малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады.
Өтемақы мөлшері өлген малдың жасы мен жынысына қарай Ұлттық статистика бюросы жариялайтын нарықтық құны бойынша айқындалады.