Мұхамедиұлы музей директоры болды!
Қазақстанда музей директорын да президент тағайындайды екен. Бір ай төрт күн жұмыссыз болған экс-министр музей басшысы болды. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін музей басшылығында Алмас НҰРАЗХАН болған еді. Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрлігін басқарды. Бір ай төрт күн жұмыссыз жатқан экс-министр осылайша музей басшылығына келді."Адырна" ұлттық порталы