Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті

1838
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-07-at-15.59.31.jpeg
Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы № 26 разьезд аумағында болғаны анықталды.
«Оқиға барысында 11 бас қой поездың астына түскен. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қойлардың иесі 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінен.
评论
其他材料