Атырау облысында қатардағы сарбаз Атырау гарнизонының әскери бөлімінен қару-жарақпен бірге шығып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
«8 мамыр күні Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді әскери борышын өтеуші сарбаздың қару-жарақпен рұқсатсыз бөлімнен шығып кету фактісі тіркелді», - деп жауап берді Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне.
Қазір әскери қызметкер бөлімшеде, зардап шеккендер жоқ.
Сарбаз оқ атты ма деген сұраққа жауап болмады, бірақ оны жоққа шығармады.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз