Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болып, екі кішкентай бала зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Омбы-Майқапшағай тас жолында Audi 80 жүргізушісі үлкен жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен екі кәмелетке толмаған жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады сенбі күні Павлодар облысының полиция департаментінен.
Ауди 80 жүргізушісіне қатысты материал жинақталып, сотқа жіберілгені атап өтілді. Көліктер уақытша ұстау алаңына қойылған.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз