Ыстықкөлде Қазақстан азаматы жоғалып кетті 

2041
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/1a69d1.jpg
Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Қырғызстанға демалуға аттанған 53 жастағы алматылық Аркадий Мальковтан 2 күннен бері хабар-ошар жоқ. Бірге барған досының айтуынша, Аркадий 14 шілдеде күндізгі уақытта жоғалған. Қара-ой ауылынан скутер жалға алып, көлдің оңтүстік жағалау жағына кеткен көрінеді. Содан бері қайтып келмеген. Бір белгілісі үстінде құтқару жилеті болған. Қазір іздестіру жұмысына ұшақ жалданып, 200-ге тарта полиция қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, 81 құтқарушы мен 12 қайық тартылған.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料