Екі адам зардап шекті. Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

1877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/7bca5b29-172c-44d3-a0c6-9e7b8d7c63cd.jpeg
Бүгін, 16 мамырда Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Полиция хабарлағандай, оқиға сағат 11.30 шамасында болған.
“Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді”, - деп хабарлады полициядан. Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.
评论
其他材料