ҰТО деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін екі қазақстандық бас бостандығынан айырылды

1513
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_3646.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан 2021-2022 оқу жылында заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіріп, көшіріп алған. Сәуір айында сот шешімімен қазақстандықтардың әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Сондай-ақ олар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің процессуалдық материалдары негіз болды. Үкім заңды күшіне енді.
评论
其他材料