Түркияда жантүршігерлік жол апатынан 11 адам қаза тапты

2571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/e5ea1592-6650-48e6-a07a-ee47d971732d.jpeg

Түркияның оңтүстік-шығысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 26 мамырда Нalktv телеарнасы Х әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Halk TV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласында болған. Мәліметті Мерсин губернаторы Али Гамзу Пехливан растады. “Губернатор Али Гамзу Пехливан автомагистральда автобуспен бірнеше көлік соқтығысқан жол апатында 11 адам қайтыс болыпп, 30 адам жарақаттанғанын мәлімдеді”, - делінген хабарламада.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде апаттың себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.

 Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы жергілікті азаматтар.

评论