Алдағы үш күн еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі

1647
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6109.jpeg
Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш күнде +45-ке дейін аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеп. «Таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», - делінген хабарламада. Күндіз батыста +23+33, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +18+28, орталықта +25+35. Шығыста ауа температурасы +25+3, оңтүстікте +35+45, оңтүстік-шығыста +35+43 дейін көтеріледі деп күтілуде.
评论
其他材料