Назым Қызайбай Париждегі жарыс жолын жеңіспен бастады

2406
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-28-at-20.36.31.jpeg
Олимпиада ойындарына алғаш қатысып жатқан Назым Қызайбай жарыс жолын жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қазақстандық спортшы бірінші жекпе-жегінде италиялық Джордана Соррентиноны жеңіп шықты. Бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті италиялық боксшы қызға берді. Екінші раунд 4:1 есебімен Назымның пайдасына шешілді. Ал шешуші раундта отандасымыз толықтай басымдыққа ие болды.
评论