Қазақстан басшысы Бердімұхамедовтер билеген Түркіменстанға барады

1839
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/68e1be30-b8ef-44eb-b65a-6b96353cf00c.jpeg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Түркіменстанға сапарлайды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

"Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түркіменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады", -

деп жазды ведомство.

Екі ел басшысы әңгіме барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ары қарай нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.

Сердар Бердімұхамдоевтің әкесі Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов баласының алдында президент болғаны белгілі.
评论
其他材料