Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқыс оқиға 5 тамызда болған. Бала ауруханаға жеткізілді.
Осыған ұқсас жағдай Таразда да болған.«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
1 жасар бала үшінші
қабаттан құлап кеткен. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.
Осы оқиғаға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.
Бірнеше күн бұрын Сәтпаеа қаласында да бала терезеден құлап, ауыр жарақат алғанын жазған едік.«Құрметті ата-аналар ТЖМ ескертеді: Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Москит торлары құлаудан қорғамайды; Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - делінген хабарламада.