Жамбылда ер адам көшеде полицейлерге жаттығу жасатты

1824
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-06-at-12.33.24.jpeg
Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адам полиция қызметкерлеріне жаттығу жасатқан сәті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ер адамның тәртіп сақшыларына "отжимание" жасатып жатқан видеосы желіде тарады. Бейресми деректерде видеодағы ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені айтылған. Ал Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. "Қызметтік тексеру жүргізілуде, тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", – делінген министрлік хабарламасында. Өзге деректер тарамады. Ал желі қолданушылары "бір дөкей болар", "дұрыс жасасын" деп пікір қалдырған.
评论
其他材料