3-8 қыркүйек аралығында Алматыда тоғызыншы рет BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестиваль қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырып, оған қатысуға 670-тен астам өтінім келіп түсті.
Baiqonyr – бұл Орталық Азиядағы дебюттік және қысқаметрлі фильмдер бойынша өтетін бірегей халықаралық фестиваль. Биыл фестиваль ресми демеушілеріміздің бірі - MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.
Фестиваль үш бағытты қамтиды:
Биылғы бағдарламаның ерекшелігі– толықметрлі фильмдердің дебюттік байқауы енгізіліп отыр.
«Байқау алдында біз фильмдерді іріктеп, панорамалық көрсетілімдер өткіздік. Бастамасы жақсы болады деп үміттенеміз және байқауға қысқа және толықметрлі фильмдер қатысады», - деді Жұмабеков.
Байқау бағдарламасындағы фильмдерді көрсетуден басқа фестивальде танымдық іс-шаралар да өткізіледі:
- Қысқаметрлі көркем фильмдер Халықаралық байқауы,
- Көркем және деректі фильмдер Ұлттық байқауы,
- Үшінші бағыт – бұған дейін «ойын жанрындағы дебюттік фильмдер» бағдарламасы ретінде өткізіліп келген бағыт, биыл бөлек байқау ретінде қарастырылады.


- Шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер және жетекші кинорежиссерлердің авторлық дәрістері,
- Кино мамандарымен панельдік сессия,
- Кинофестиваль лауреаттарымен паблик-ток