Пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды

2524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/4002b918-4084-49ad-8bc9-12cd02f76d95-960x500.jpeg?token=a5395938481ec38ce9fb02d72802c451
Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайды.
"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет”, - делінген министрлік хабарламасында.
评论