2024 жылғы Париждегі Олимпиадада қазақ балуаны Демеу Жадыраев күміс медаль иеленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде қазақстандық балуан жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.
Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен қазақстандық спортшының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз