Алмазбек Атамбаев қамауға алынды

3246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/08/1557271707_0_0_1000_541_600x0_80_0_0_d0c644b2dda74206b20b3ebb951a6bf6.jpg
Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Атамбаев 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған. Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген. Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме айтқан жоқ. 7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді. Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Дереккөз: sputniknews.kz "Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料