Алматыда емхана бухгалтерлері 341 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

1530
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері сотталды. Бұл туралы бүгін, 15 тамызда Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған. Сот үкімімен бас бухгалтер Хангерееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды»,—делінген хабарламада.

评论
其他材料