Әлемге ескерту үшін. Ресейлік депутат ядролық бомба жаруды ұсынды

2435
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/semej-yadrolyқ-paligony-bez-nazvaniya-960x500.jpg?token=b9ac9f8ae24f303e6bbc1566763111e6
Ресейлік депутат Андрей Колесник сынақтардың бір бөлігі ретінде ядролық бомбаны жаруды ұсынды. Бұл туралы Lenta.ru басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Депутат осылайша батыс саясаткерлеріне ядролық қару қаупі барын ескерту керегін айтады. "Бір полигонда ядролық жарылыс жасауымыз керек. Қазір елімізде мұндай сынақтарға тыйым салынған, бірақ мұның соңы неге әкелетінін адамдар көру керек. Мораторий алынып тасталса, адамзат жақсылап ойланатын шығар", – деді ол. Депутат бұл мәлімдемені Украина туралы сөз қозғағанда айтқан. Оның пікірінше, бұл бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
评论