Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылғаны айтылды

1399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0

Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың мәйіті қоқыстан табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнетте тараған суреттерден ер адамның денесі толық ісінгенін байқауға болады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт 20 қыркүйекте табылған.

«Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды»,– делінген хабарламада.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.

评论