Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

1398
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/0b36bd64-cac8-4470-b1d6-ba279158f4ad-960x500.jpeg?token=ca4feefd3340401405d906f0931898bb
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан  азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтті. Қазақстан құрамасы 112 медаль – 43 алтын, 32 күміс және 37 қола жеңіп алды.
评论
其他材料