Жол-көлік апаты өткен жылмен салыстырғанда 90 пайызға өсті - Бас прокурор

1916
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/e7c4f9b6-c42d-440c-aac9-34dc1351fb44-960x500.jpeg?token=55040250787654bfc44f9a36da181f6b
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов елдегі жол-көлік оқиғаларының өскенін айтты. Ол бұл туралы өзінің X парақшасында жазды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. «Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90%-ға өсті, сондай-ақ құрбандардың саны да артып келеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында теріс тенденция байқалады», - деді Берік Асылов. Ол осыған байланысты прокурорларға мемлекеттік органдармен бірігіп, оның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.
评论