Тоқаев Түркіменстанда халықаралық форумға қатысады

1473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/b8434c38-12ab-481c-9d06-203dbf417143.jpeg
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түкіменстанға ресми сапары барысында халықаралық форумға қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Мемлекет басшысы «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысу үшін Түркіменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды», - деп мәлімдеді Ақорда. Айта кетейік, бұл күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркіменстанда жүр.
评论
其他材料