Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атанды

1824
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-13-at-09.11.51.jpeg
12 қазаннан 13-не қараған түні Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласында WBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев пен WBA титулының иегері Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті. Артур Бетербиев – Ресейден шыққан алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды және аты аңызға айналған кіші Рой Джонстан кейінгі алғашқы жеңіл салмақтағы абсолютті чемпион болды. Дмитрий Бивол – Артур Бетербиевтің нокаутқа түсіре алмаған алғашқы қарсыласы.
评论