Рыбакина WTA турнирінің топтық кезеңінде жеңіліс тапты

1584
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/1647412418-960x500.png?token=78ddd9bda0a5f1c93a1e2246631f65df
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орында) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA Итогалық турнирінің топтық кезеңінен шыға алмады. Бұл туралы Sports.kz мжариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Ақпаратқа сәйкес, енді Рыбакинаның турнирді жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Белоруссиялық Арина Соболенко (1-орын) италиялық Жасмин Паолиниді (4-орын) 6:3, 7:5 есебімен жеңгеннен кейін, Соболенко екі жеңіспен топта көш бастады. Паолини мен қытайлық Чжэн Циньвэньнің (7-орын) әрқайсысында бір жеңістен бар, ал Рыбакинаның еншісінде екі жеңіліс тіркелді.
Турнирдегі соңғы матчында Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі.
评论