Өзбекстанда көлікке тас құлап, үш адам көз жұмды

1719
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-07-at-11.26.38.jpeg
Өзбекстанда жеңіл көлікке үлкен тас құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Podrobno.uz сайты хабарлаған.
Қайғылы оқиға 6 қарашада сағат 16:00-де Қашқадария облысындағы Тахтақараша асуында болған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды.
Белгілі болғандай, жеңіл көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан. Бейресми деректерге сүйенсек, салондағы жолаушылар - Венгрия азаматтары, жүргізуші өзбекстандық азамат болған. Қазіргі уақытта өткел көлік қозғалысына уақытша жабылған. Қазір онда бір топ мамандар жұмыс істеп жатыр.
评论
其他材料