Трамп барлық құбылмалы штаттарда жеңіске жетті

1586
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/tramp-960x500.jpg?token=cb86032a8aa6f614ff34fce0fb21c181
АҚШ президенті сайлауында республикашыл Дональд Трамп 312 дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Associated Press-ке сілтеме жасап. Ал оның қарсыласы, демократиялық партия өкілі Камала Харрис 226 дауысқа ие болған. Агенттіктің мәліметінше, Трампты сайлаушылардың 50,5%-ы қолдаса, Харриске 48%-ы дауыс берген. Бұл сайлау нәтижесі Трамптың барлық құбылмалы штаттарда жеңіске жетіп, президенттік қызметке қайта оралуына мүмкіндік берді. Бұған дейін, Америкада тұратын қазақ журналисі Сәкен Қайырбергенұлынан сайлаудың қыр-сыры және жеңіс пен жеңілістің себебі туралы сұхбат алған едік. Оның айтуынша жергілікті медиа биылғы сайлауда Аризона, Джорджия, Мичиган, Пенсилвания және Висконсин штаттарын болжанбайтын штаттар деп атаған.
评论
其他材料