Бүгін Қазақстан Журналистер одағының құрылғанына - 65 жыл. 1959 жылы 12 – 14 қарашадаөткен Қазақстан журналистерінің 1-съезінде Қазақстан журналистер одағы құрылған болатын. 2001 жылы сәуірде қайта тіркелді.
Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Тұңғыш съез кезінде “Баспасөз туралы” деген тақырыпта баяндама жасалып, баспасөздің міндеттері айқындалды. Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрған. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Тұрар Рысқұловты бекіткен болады.
Қазір ҚР Журналистер Одағының Төрағасы - Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлы.
«Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы» – азаматтардың ұлтына, діни ұстанымына, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігіне қарамастан, қоғамның әлеуметтік, мәдени, экономикалық және басқа да актуалды проблемаларын шешуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени процестерін БАҚ-тарда объективті және жан-жақты көрсеткісі келетін журналистердің қоғамдық бірлестігі.
ҚР ЖО – мемлекеттік және республикамыздың басқа да тілдерінде шығатын басылымдарға методологиялық және әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ, журналистика мен БАҚ-тарды дамыту мәселелеріне қатысты симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізіп тұрады; Қазақстанда болып жатқан оқиғалар шетелдік баспасөзде толық және объективті түрде көрсетілу үшін шетелдік БАҚ өкілдеріне ақпарат алуға көмектеседі. БАҚ қызметкерлерінің тынығуын ұйымдастыруға қолдау көрсетеді.
Ұзаққа созылған тән азығының жетіспеушілігі халықты жұт жылғы мал сияқты – ындынсыз, ашкөз қып жіберген