Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

1453
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/a36c2fe2-169e-4e9a-a9a2-13bb48746cdb.jpeg

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының «Жетісай-Жібек Жолы» тас жолында төрт адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. «Жол апаты «ВАЗ» маркалы автомобильдің «Вольво» жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан орын алған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан», - делінген хабарламада. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Барлық мән-жай анықталуда.
评论
其他材料