Исландияда жанартау атқылауынан 3 км жарық пайда болған

1081
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/zhanartau-960x500.jpeg?token=ba50a60a9a21e3f9fcd912cbaf0e3bca
Исландия астанасы маңындағы жанартау үш жыл ішінде оныншы рет атқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан түн ішінде сарғыш және қызғылт сары түстердегі лавалар шашылып жатқанын көруге болады. Reuters агенттігінің мәліметінше, Исландияның метеорологиялық басқармасы алғашқы атқылау белгілері тіркелгеннен кейін 45 минут өткен соң жердің қабығы арқылы магма өтіп, шамамен 3 км ұзындыққа жеткен үлкен жарық пайда болған. Исландияның билігі Рейкьявиктен 30 км оңтүстік-батысқа орналасқан аймақта жанартау белсенділігінің мүмкіндігі туралы ескерту жасады, өйткені бұл жерде магма жиналып жатыр. Жергілікті билік өткен аптада сейсмикалық белсенділіктің айтарлықтай өсуін байқамағанын, алайда жанартау белсенділігінің әлі де жалғасып жатқанын айтты. Жанартау атқылауынан кейін, Кефлавик әуежайы рейстердің тоқтамағанын және маңызды инфрақұрылымдарға қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен, Blue Lagoon геотермалдық шипажайы қонақтарын эвакуациялап, жұмысын тоқтатты.
评论
其他材料