Мажарстанның премьер-Министрі Виктор Орбан Instagram желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге түскен фотосуретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Ақорда мәліметінше, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқан. Кештен түсірілген түрлі фото жариялады. Олардың арасында қазақстандық әнші Димаш Құйдайберген де бар. Айта кетейік, қараша айының басында әнші Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында делегация құрамында болған.«Қазақстандық әлем жұлдызы Будапештте», - деп жазды Виктор Орбан әлеуметтік желіде жариялаған суреттерінде.
