Жасөспірімдер мінген көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты

1024
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/1747ff36-f459-4e53-9a7b-014082fb7f54-960x500.jpeg?token=7d58b06f4046da2e57736f7050169e03
Павлодарда түнде болған жол апатынан 16 жастағы қыз қаза тапты. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 24 қараша күні түнгі сағат 03:10 шамасында болған. «Көлік жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған. Көлік тайып, бордюр тастарына соғылып, кейін ағашқа соқтығысқан. Жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді полиция өкілдері. Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шәкенева хабарлағандай, көліктегі үш жолаушының бәрі жасөспірімдер болған. «19 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлікте үш кәмелетке толмаған бала болған. 16 жастағы жолаушы қаза тапты. 15 жастағы екінші жолаушы өте ауыр жағдайда, оған операция жасады. Тағы бір 15 жастағы жолаушы мен жүргізуші жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деп түсіндірді Шәкенева. Жасөспірімдер көлікте ересектерсіз жүрген. Бұл да үлкен заңбұзушылық болып табылады, деп атап өтті өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкіл. «Бұл жол-көлік оқиғасына зардап шеккен балалардың ата-аналары жауапты. Ең кемдегенде, олар кәмелетке толмағандардың 23:00-ден кейін үйде болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді ол.
评论
其他材料