Қырғызстан "Яндекс. Такси" кеңсесіне тінту жүргізді

1645
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/yandeks-taksi-960x500.jpg?token=b7ac20c98ecf33e516c9816802c06b8f
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті "Яндекс. Такси Корп" ЖШС кеңсесіне тінту жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдерінде хабарланды. ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерген. Бүгінде министрлік кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
评论
其他材料