Маңғыстаулық полицейлер республикалық маңызы бар жол учаскелерінің бірінде жол қозғалысына шектеу қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін боран болып, жол жабылған.
“Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, қарлы боран салдарынан көрінудің болмауына байланысты бүгін, 14 желтоқсанда республикалық маңызы бар Бейнеу – Сайөтес учаскесіндегі өткел жабылды”, делінген әкімдік хабарламасында.