Израиль ұшақтары Дамаск маңындағы қару-жарақ қоймаларына соққы берді

1439
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/fac4e663-4517-4457-b9f5-f2160e9807da-960x500.jpeg?token=2c1ce6b7a275c286654c7242f8325059
Израильдің әскери ұшақтары Дамаскінің оңтүстік-батысындағы бұрынғы Сирия армиясына тиесілі қару-жарақ қоймаларына зымырандық соққылар жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Al Hadath телеарнасының куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, Эль-Кисва маңында қуатты жарылыстар болған. Зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы ақпарат әлі түскен жоқ. 4 қаңтарда Израиль әскері Латакия маңындағы әскери нысандарды бомбалаған. 3 қаңтарда Алеппоның Эс-Сафира ауданындағы қорғаныс кәсіпорындары мен оқ-дәрі қоймаларына, сондай-ақ Эс-Сувейда провинциясындағы Хальхаль әскери әуежайына әуе шабуылдары жасалған.
评论