5 млн теңгелік сот. Air Astana кәмелетке толмаған баланы өзге қалада қалдырып кеткен

2269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/f012c94a-4868-4cca-84fd-a6b3c0b36e8b-960x500.jpeg?token=49e6026e6b5914a9048648cfb8af33d8
Air Astana әуе компаниясы Орал тұрғыны Жазира Мусинаның қызын Астана әуежайында қалдырып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Жазира Мусина сот шешімі бойынша шығындарды қосқанда әуе компаниядан 5 млн теңге алған. "Air Astana сот шешімін мәжбүрлеп орындауға жеткізбей толық орындады", - деді ол.  Ал адвокат Шағатаев сондай-ақ бұл жағдай жолаушылар тасымалы туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге себеп болғанын атап өтті. Енді бұл сот шешімі осындай жағдайларда балалардың құқығын қорғаудың прецеденті бола алады.
"Air Astana жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшыраған. Оған әкімшілік айыппұл және моральдық зиянды өтеу кіреді. Мүмкін мұндай авиакомпания үшін бұл сома аз шығар, бірақ менің ойымша, бұл да оларға жайсыз", - деп қосты ол.
Белгілі болғандай, Зере және Зәуре есімді егіздер 2024 жылдың 20 шілдеде АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен.
评论