Президент Тоқаев Мәскеудегі шеруге баратынын жариялады

1365
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/photo-output-35-960x500.jpeg?token=933260006f2e6c539c7a61b2595c4120
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін шеруге қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Бұл туралы президент Тоқаев Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде айтты.
"Осы мүмкіндікті пайдаланып Ресей Президенті Владимир Путин сәлемімді жолдағым келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау барысында кездесеміз деп үміттенемін. Мен шақыруды қабылдадым. Біз елде осы тарихи күнмен байланысты күндері шаралар жоспарлап қойғанбыз. Бірақ ол шараларды 7-8 мамыр күндері өткізіп үлгереміз деп ойлаймын. Сол шараларды өткізе сала Мәскеуге ұшып кетемін", - деді президент.
Сондай-ақ, бүгін Астанада премьер-министр Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті. Үкімет басшылары сауда-саттық мәселелерін талқылады.
评论
其他材料