Абайда пара алған полиция қызметкерлері сотталды

1161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df
Абай облысында Бесқарағай аудандық соты полиция бөлімі бастығының орынбасары мен тағы бір полицей сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бөлім бастығы мен бөлімнің аға жедел уәкіліне қатысты үкім шықты.
Олар жергілікті тұрғынның 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатын қылмыстық жауапкершілікке тартпау сылтауымен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
"Қалиясов пен Ташиевке 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
评论
其他材料