Қазақстандықтарды алдаған алаяқтар Ресейде ұсталды

1022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-17-960x500.jpeg?token=345099cea2d8f43729339ff96365f3e1
Ресейде қазақстандықтарды 32 миллион теңге және 14 мың доллар көлемінде алдаған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. «Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол Алматыда 2024 жылдың сәуірі мен қазаны аралығында жергілікті тұрғындардың қымбат смартфондарын сатуға уәде етіп, кейін ізін жасырған. Ер адам жеті адамды алдаған», – деп хабарлады полиция. Мәліметтерге сүйенсек, шығын 32 миллион теңгеден асады. « Шымкент полиция қызметкерлері Ресей әріптестерімен бірге 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған. Ол 2014 жылы Шымкент тұрғынына тиесілі жер учаскесін алдап сатумен 14 мың доллар шығын келтірген», – делінген хабарламада. 2025 жылдың басынан бері Қазақстан шекарасынан тыс жерде 11 қылмыскер табылса,  ел ішінде 44 қылмыскер ұсталған.
评论
其他材料