Бекетте атқан. Жамбылда полиция қызметкері көз жұмды

1370
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-19-960x500.jpeg?token=439e9f87220db32d2406adab56fc7606
Жамбыл облысында жас полицей өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ZTB-ға сілтеп.
Полиция қызметкері полиция бекетінде суицид жасағаны туралы ақпарат тараған. Қайғылы оқиға Тараз қаласынан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында болған.
 "12 ақпанда 2003 жылы туған полиция сержанты ПМ табельдік тапаншасымен басынан атып тастады", - делінген ZTB хабарламасында.
ПД ақпаратты растады.
"Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіледі. ҚР ҚІЖК нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - дейді ПД өкілдері.
评论
其他材料