"Қарызын қайтармағаны" үшін. Шымкентте ер адамды лифті ішінде пышақтап кеткен

1292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Шымкентте жас жігітті бір топ адам лифт ішінде ұрып-соғып, пышақтап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиғаға жәбірленушінің қарызын уақытында қайтара алмауы себеп болғаны анықталды. Ер адамдар жәбірленушіні тепкілеп, басынан ауыр жарақат салып, жамбасына пышақ сұққан.
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын желідегі парақшасында жариялады.
«Алмас Кішкенбаевты "әпшу берші" дегені үшін 15 тәулікке қамайды, бейбіт пикетке шыққандарды қудалайды, ал адамды ұрып-соғып, пышақтап кеткендерді бостандықта қалдырады. Біздің заңдардың логикасын кейде түсіну қиын», – деді Диас Нұрақын.
评论
其他材料