«Қазақмыстағы» апат. Президент көңіл айтты

1110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/4e92f4de-8f83-4218-9e41-ec592ac1124c-960x500.jpeg?token=229f650139d639ffea738362f509b06a

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы хабарладық.

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.

Кейінірек «Жомарт» кенішінде 7 жұмысшының да денесі табылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

评论
其他材料