Торонтода төңкерілген ұшақ. Әр жолаушыға 30 мың доллардан өтемақы ұсынылды

1152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/bf2e0354-1770-43ed-b031-8cd061f08c20-960x500.jpeg?token=7c9ed0b480cd6ec8ccba0f7a25b764c3

Торонто қаласына қону кезінде аударылған ұшақтағы барлық жолаушыға ешқандай шартсыз 30 000 доллар өтемақы ұсынылды. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Delta Airlines әуе компаниясы Торонто халықаралық әуежайында қону кезінде аударылып, өртенген ұшақта болған барлық жолаушыларға 30 000 доллар өтемақы ұсынды.

Рейстегі 76 жолаушы мен төрт экипаж мүшесінің ешқайсысы қаза таппаса да, бәріне өтемақы ұсынылды. Delta Airlines өкілі бұл ұсыныстың ешқандай шартқа негізделмегенін, яғни жолаушылар әлі де әуе компаниясына қарсы сотқа жүгінуге құқылы екенін айтты. Жалпы төлемнің болжамды сомасы 2,3 миллион долларды құрайды.

17 ақпанда американдық Delta Airlines әуе компаниясының ұшағы Торонтоның Пирсон әуежайында қону кезінде аударылып қалған болатын. Апат салдарынан 21 жолаушы жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ қатты қонғандықтан, оның оң жақ қанаты мен артқы бөлігі үзіліп, ұшақ өртеніп, қону жолағында аударылып қалған.

Авиациялық сарапшылардың пікірінше, апат себебіне жердегі жағдайлар, ұшқыштың қону алдында жасаған әрекеттері мен шасси мәселелері болуы мүмкін. Тергеуді Канаданың көлік қауіпсіздігі кеңесі АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің қолдауымен жүргізіп жатыр.

评论